Британдық кеңестің қолдауымен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Онлайн қауымдастықтар арқылы оқыту әдістерін жетілдіру» курсы.
«Онлайн қоғамдастықтар арқылы оқыту әдістемесін жетілдіру» біліктілікті арттыру курсы келешек ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған. Аралас оқыту бастамасы болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне тиімді рефлексивті практиктер болып қалыптасуына ықпал ете отырып, мазмұнды оқу тәжірибесі мен әріптестерімен бірлескен тәжірибе алмасу әрекетіне қатысу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс барысында қатысушылар арнайы таңдалған алты модульді оқып, Британ Кеңесінің онлайн оқытушылар қауымдастығы (OTC) платформасында әртүрлі тапсырмаларды орындады, сондай-ақ ағылшын тілінің нейтив спикерлері мен тәжірибелі фасилитаторларымен тікелей эфирдегі сессиялар мен вебинарларға белсенді қатысты. Курстың назар аударарлық сәттері сабақтағы оқушылардың мотивациясын түсіну, ағылшын тілі сабағын оқытудың практикалық ерекшеліктерін түсіну, сабақты өткізудің оқыту әдістерін меңгеру, айтылым дағдыларын жетілдіру және оқуды бағалаудың қыр-сырын түсіну сияқты негізгі салаларда болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту болды.Олай болса, курс болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің болашақ педагогикалық қызметінің талаптарына жан-жақты даярлай отырып, олардың кәсіби өсуі мен оқыту шеберлігіне елеулі үлес қосуға арналған.
Бұл жобаға Ш.Уәлиханов атындағы КУ «Ағылшын тілі және ОӘ» кафедрасының студенттері 2023 жылдан бастап екі жылдан бері қатысып келеді. Биылғы жылы 47 студент «Онлайн-қауымдастықтар арқылы оқыту әдістерін жетілдіру» курсын сәтті аяқтап, сертиффикатпен марапатталды. Сонымен қатар, бұл курс студенттердің оқу бағдарламасына арнайы пән ретінде енгізілді.
Британдық Кеңеске, Ш.Уәлиханов атындағы университеттің фасилитаторлар командасына шынайы алғысымызды білдіреміз және барлық студенттерді құттықтаймыз!