UNICEN

UNICEN logo

Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестің бастамасын іске асыру шеңберінде жыл сайын Америка университеттері мен колледждеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды өткізу үшін UniCEN бағдарламасы бойынша гранттар бөлінеді.


Бағдарламаның мақсаты педагогикалық дайындық және ағылшын тілі мен STEM білімін жетілдіру бойынша оқу жоспарларын әзірлеу саласында АҚШ пен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту болып табылады.


2019 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Омаха қаласындағы Небраска Университетімен бірлесіп, «UNO-KSU Partnership Building through Enhancement of English and STEM teaching (Ш. Уәлиханов атындағы КМУ және Небраска Университеті арасындағы ынтымақтастықты ағылшын тілін және STEM оқытуды жетілдіру жолымен дамыту) тақырыбында UniCEN бағдарламасы бойынша гранттық жобаның иегері атанды.


2020 жылдың сәуір айында осы жоба аясында Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің 30 оқытушысы мен қызметкері жеке және кәсіби көшбасшылық, оқыту стилі, сондай-ақ заманауи веб-технологияларды пайдалану бойынша онлайн-курстар сериясынан тұратын жобаның бірінші модулін аяқтады.


2020 жылдың маусым айында жобаға қатысушылар ОПҚ, ЖОО қызметкерлері, қала мектептерінің мұғалімдері үшін оқыту вебинарларының топтамасын өткізді:


2020 жылдың 4 желтоқсанында Небраска Университетімен бірлесіп, "Оқу үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу: UNO-KU partnership building" халықаралық конференциясы өтті.


2021 жылдың сәуір-мамыр айларында жоба қатысушылары CLIL және STEM-ге арналған 2-модульді аяқтады.


Маусым-шілде айларында UNO өкілдері силлабустарды әзірлеу және бірлескен ғылыми мақалаларды жазу бойынша жеке консультациялар өткізді.


2021 жылдың қараша айында UNO өкілдерінің сапары жоспарлануда.


Бұл жобаны ф.ғ. к., доцент Исмагулова А. Е. үйлестіреді.