651

Ualikhanov University QS Asia - 2023 әлемдік рейтингі бойынша әлемнің үздік 651 университеттерінің қатарына енді

39

Ualikhanov University QS Орталық Азия 2023 рейтингі бойынша үздік 39 университеттердің қатарына кірді.

200

Times Higher Education 2023 | Impact Ranking | SDG №4

861

Green Metric IU World University Ranking

350+ шетелдік студент 10 елден

60+ әлемнің 18 елінен халықаралық серiктестер

19+ халықаралық жобалар

Құттықтау сөз

Шокан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – Солтүстік Қазақстанның өңірінің ең озық университеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Ualikhanov University 2023 жылғы QS Asia жаһандық рейтингі бойынша әлемдегі үздік 651 университеттің қатарына енді. Біз әлемнің 33 еліндегі 70-тен астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасаймыз.

2029-стратегиясына сүйене келе, біздің басты мақсатымыз – мекемені интернационалдандыру және әртараптандыру болып табылады. Біз сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруді, бейімделу қабілетін арттыруды, көшбасшылықты тәрбиелеуді және студенттеріміздің жаһандық хабардарлығын арттыруды мақсат етеміз.

Университетте әртүрлі халықаралық бағдарламалар жұмыс істейді және біздің халықаралық кеңсе қызметкерлері студенттермен академиялық ұтқырлық және шетелдік тағылымдамалар мәселелері бойынша жұмыс істейді. Біз әрбір студентке, оқытушыға, зерттеушіге, қызметкерге және қонаққа интернационалдандыру процесіне енуге көмектесеміз.

Қазіргі уақытта университетте Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Индонезия және Моңғолиядан келген 390-нан астам халықаралық студенттер білім алуда. Сонымен қатар, университет жергілікті студенттерге шетелде білім алуға мүмкіндік береді.

Ш.Уәлиханов университеті Халықаралық ынтымақтастығымызды жарқын, өнімді және табысты ету үшін профессорларды шақырады. Халықаралық студенттер мен профессорлардың білім алмасуы мен біздің университет қабырғасында түрлі қауымдастық құруына әрдайым қуаныштымыз.

Сагындыкова Жайлагуль Ораловна, PhD

Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор

Университет серіктестері