Access

Access

2019 жылы Ш.Уәлиханов КМУ the English Access Microscholarship Program (Access) гранттық жобасының иегері болды. Бұл бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен Нұр-сұлтан қаласындағы Америка Елшілігі арқылы колледж білім алушылары мен жоғары оқу орындарының қорғалмаған топтардан 15-18 жас аралығындағы оқу үлгерімінің жақсы көрсеткіштерімен 1 курс студенттеріне екі жыл бойы ағылшын тілін тегін үйренуге, сондай-ақ ұйым қызметіне қатыса отырып, өзін тұлға ретінде және көшбасшы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.


Access бағдарламасы Қазақстанның беделді оқу орындарына түсу үшін емтихандарға дайындалуға, түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді, алдағы мақсаттарды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ Американдық бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификат және Alumni (американдық бағдарламаның түлегі) мәртебесін береді.


2020 жылдың желтоқсанында іріктеу кезеңі өткізілді. Көкшетау қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының 24 студенті 2021 жылдың қаңтар айынан бастап осы бағдарлама аясында Ш.Уәлиханов атындағы КУ базасында оқуды бастады.


Бұл жобаны ф.ғ. к., доцент Исмагулова А. Е. үйлестіреді.