Visa
Порядок пересечения Государственной границы Республики Казахстан с 11 мая 2020 года на период карантинных ограничений
Разрешение МВК
Қазақстанда карантиндік шектеулер кезеңінде шетелдік азаматтардың мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне ерекше талаптар қолданылады.
Шетелдіктің Қазақстанға келуі үшін шақырушы компания (қабылдаушы тарап) ведомствоаралық комиссияның (ВАК) рұқсатын алдын ала ресімдеуі қажет.
Мұндай рұқсат болмаған жағдайда шетелдікке елге кіруден бас тартылуы мүмкін.
Өтініш қанша қаралады және оны кім қарайды?
Өтінімді әкімдік/бейінді министрлік қарайды және 5 жұмыс күні ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіледі. Өтініш оң қаралған және келісілген кезде ВАК отырысына жіберіледі.
Өтінім мақұлданған жағдайда, ВАК отырысы хаттаманы қалыптастырады және СІМ-ге, ІІМ-ге және ҚР ҰҚК Шекара қызметіне шетелдік мамандардың ҚР аумағына кіруіне жәрдем көрсетуге тапсырма береді.
Әкімдік немесе бейінді министрлік шақырушы ұйымды ВАК отырысын өткізу нәтижелері туралы 2 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді. ВАК хаттамасын жібереді.
Хаттаманы алғаннан кейін шақырушы тарап визаға шақыруды ресімдеу үшін көші-қон қызметі басқармасына жүгінеді.
Виза шетелдіктің азаматтығы елінде немесе оның тұрақты тұратын елінде алынуы мүмкін.
Шетелдік студенттерге C9 санатындағы студенттік визаны рәсімдеу қажет. Студенттер виза алу үшін тұрғылықты еліндегі Қазақстанның консулдығы / елшілігі арқылы өтініш беруі қажет. Студенттік визалар әдетте бүкіл академиялық жылға беріледі (немесе қысқа мерзімді бағдарламалар студенттері үшін толық академиялық семестр). Визаның бұл түрі көп мәртелік болып табылады, яғни студент Қазақстанға бірнеше рет келе алады. Виза жыл сайын ұзартылады. Азаматтығыңызға байланысты Сізге виза қажет болмауы мүмкін.
Қазақстанға келу
Шекарадан өту кезінде сіз иммиграциялық қызметкерге төлқұжат пен визаны көрсетуіңіз керек, сонымен қатар сапардың білім беру мақсатын көрсетуіңіз керек. Сізден қабылдау туралы хат сияқты растайтын құжаттарды көрсету сұралуы мүмкін.
Шетелдіктің Қазақстанға келгені туралы хабарлама ол келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде талап етіледі. Келу және болу тәртібіне, сондай-ақ шетелдіктің келу мақсатына байланысты емес.
Хабарламаны қабылдаушы Тарап (шақырушы адам) көші-қон қызметіне жазбаша түрде не визалық-көші-қон порталы арқылы береді.
Хабарламаны уақтылы бермеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 518-бабына сәйкес қабылдаушы Тараптың әкімшілік жауапкершілігіне әкеп соғады.
Қазақстаннан тыс жерлерге кез келген уақыт кезеңіне шыға отырып, өзінің келуі туралы көші-қон қызметі басқармасын (ОӘК) Қазақстанға алғашқы сапардағыдай рәсімдерді сақтай отырып, үш жұмыс күні ішінде қайта хабардар ету қажет.
Уақытша тіркеу
Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген шетелдік студенттерге келген кезде визаның орнына тұрғылықты жері бойынша бір оқу жылына уақытша тіркеу ресімделеді. Уақытша тіркеуді рәсімдеу үшін Сізге төлқұжаттың түпнұсқасын және шетелдік студенттермен жұмыс бөліміне келу туралы хабарламаны ұсыну қажет. Қалған құжаттарды бөлім үйлестірушісі рәсімдейді.
Қайта тіркеуге қойылатын талаптар
Қазақстаннан тыс жерлерге кез келген уақыт аралығында шыға отырып, Сізге Қазақстанға алғашқы сапар кезіндегідей рәсімдерді сақтай отырып, көші-қон қызметі басқармасында (ОӘК) тіркеуді қайта ресімдеу қажет болады. Қазақстаннан кетер алдында шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестірушімен Сіздің қайта тіркелуіңіз жөнінде міндетті түрде кеңесіңіз.
Студенттік визаны ұзарту
Шетелдіктерге арналған Студенттік визалар бір жылға жарамды және жыл сайын ұзартылуы керек. Визаңызды оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұзарту үшін шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестірушіге келесі құжаттарды 30 жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ қолданыстағы визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 14 жұмыс күнінен кешіктірмей беріңіз:
- Төлқұжат (түпнұсқа)
- Паспорттың басты бетінің көшірмесі
- Фотосурет (3,5 х 4,5 см) 2 дана.
- Толтырылған визалық сауалнама
- Визалық алым төлемі туралы түбіртек
Визаның күшін жою
Егер студенттер оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқу бағдарламасын аяқтаса, олардың визасы жойылады.
Процесс үш-бес жұмыс күнін алады. C9 визасының күшін жою үшін халықаралық даму және серіктестік департаментіне келесі құжаттар ұсынылуы керек:
- Төлқұжат (түпнұсқа)
- Ш. Уәлиханов атындағыиКөкшетау университетінен студентті шығару туралы қол қойылған бұйрық.