Лора Мэнзи

Applied Linguistics және TESOL

лора

Великобритания

Университет Ноттингем Трент (Ұлыбритания)

Лаура Мэнзи 2020 жылы Лестер университетінде (Ұлыбритания) қолданбалы лингвистика мен ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту “Applied Linguistics and TESOL (Teaching English to the Speakers of Other Languges)” мамандығы бойынша магистр дәрежесін тамамдады. Лора Мэнзи Ноттингем Трент (Ұлыбритания) университетінің «Өнер және Гуманитарлық ғылымдар мектебінде» ағылшын тілінің аға оқытушысы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, Лора TESOL (Teaching English to the Speakers of Other Languges) мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламаларының пәндік модульдерінің үйлестірушісі болып табылады. Cонымен қатар Лора ересектерге ағылшын тілін оқыту сертификациясы CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages) және TESOL (Teaching English to the Speakers of Other Languages) оқыту курстары бойынша сертификатталған маман болып табылады. Сонымен бірге Лораның ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курстар мен білім беру бағдарламаларын құруда үлкен тәжірибесі бар. Лора Мэнзи Ноттингем Трент университетінде (Ұлыбритания) ағылшын тілі және лингвистика бакалаврының жаңа дәрежесін әзірлеуге, модульдер мен бағалауларға, негізгі ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен консультациялар жүргізумен айналысу тәжірибесі бар маман. Бұған қоса, Вьетнамдағы, Кембридж ағылшын тілін оқыту білімін тексеру сынағы “Teaching Knowledge Test” (TKT) курсы бойынша мұғалімдерді оқытуға қатысқан; сондай-ақ British Council жобаларының шеңберінде мұғалімдерге онлайн вебинарлар өткізу тәжірибесі бар мұғалім; “Athena Swan” атты жоғары білім берудегі гендерлік теңдікті қолдау және өзгерту жөніндегі жаһандық бастамасының жетекші тобына қатысқан. Сонымен қатар Лора Вьетнам еліндегі Вентура колледжінде, орта деңгейде ағылшын тілі курстарын әзірлеу жұмыстарын атқарған. Жалпы айтқанда, Лора Мэнзи шетелдік оқу орындарында жиі жұмыс істеп өте жоғары халықаралық тәжірибе жинаған маман. 2008 жылы Шри-Ланка Бизнес мектебінің Әкімшілік даму институтында оқытушы лектор болып жұмыс істеді. 2009 жылы Австралияның Сидней қаласындағы “ACE Bondi Junction” компаниясында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.

2010 жылы ол Вьетнамдағы “ILA Vietnam” жетекші тіл ұйымында ағылшын тілі мұғалімі ретінде қызмет істеген. Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап оның жапондық “Westgate” білім беру корпорациясында ағылшын тілі мұғалімі ретінде қызмет атқарған. 2019 жылы Измир қаласында (Түркия) CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages) бағдарламасы бойынша жұмыс істеген.

Курстар

ТКТ(Teaching Knowledge Test)
Сәуір 14, 2023 - Сәуір 23, 2023