Джеймс Купер

Магистр

джеймс

Великобритания

Университет Ноттингем Трент (Ұлыбритания)

Джеймс Купер 2011 жылы Ноттингем Трент (Ұлыбритания) университетін ағылшын тілін оқыту бойынша “Master of Arts in English Language Teaching” магистр дәрежесімен бітірді. Бүгінде ол Ноттингем Трент университетінің (Ұлыбритания) «Тілдер және мәдениетаралық коммуникация» институтының ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту саласында аға оқытушысы қызметін атқарады. Сонымен қатар Джеймс Купер жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беру саласында ағылшын тілін оқыту бойынша магистерлік MA ELT (Master of Arts in English Language Teaching) бағдарламалары үшін және ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту TESOL (Teaching English to the Speakers of Other Languages) бағдарламалары бойынша “Teacher Education” яғни педагогикалық білім және тілдерді оқу мен оқытуды зерттеу “Exploring Language Learning and Teaching” модульдерін басқарады. Cонымен бірге Джеймс ересектерге ағылшын тілін оқыту сертификациясы CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages) оқыту курсының жетекші маманы болып табылады; Джеймс Купер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне «Шақырылғын маман бағдарламасы» шеңберінде «Ағылшын тілі және ОӘ» мен «Жалпы тіл білімі және әдебиеті» кафедраларының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ағылшын тілін оқыту білімін тексеру ТКТ (Teaching Knowledge Test) оқыту курсы бойынша семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу үшін жетекші маманы ретінде шақырылды.

Курстар

ТКТ(Teaching Knowledge Test)
Сәуір 14, 2023 - Сәуір 23, 2023