Элла Айше Коксал

PhD

Элла

Турция

Нииде Омер Халисдемир университеті

Қауымдастырылған профессор Элла Айше Коксал Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне 2023 жылдың 3 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында Нииде Омер Халисдемир университетінен (Түркия) шақырылған болатын. Элла Айше Коксал Миддл Ист техникалық университетінде (Middle East Technical University) PhD дәрежесін алды. Постдокторантура бағдарламасын Кингс колледжінде (King’s College, Лондон, Ұлыбритания) қорғап шықты. Сондай-ақ, Элла Айше Коксал «Жалпы химия курсын оқытуда оқу ойындарын қолдану мен оның тиімділігі» тақырыбындағы ғылыми жобаның негізін қалаушы болып табылады.Элла Айше Коксал жақсы ғылыми әлеуеті бар SCI-expanded және SCI, SCOPUS, WOS, EBSCO, HW Wilson, ERIHPLUS, TR Dizin халықаралық ғылыми-метриялық деректер қорларында басылымдар жариялайды. Элла Айше Коксал «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» кафедрасына «Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану білімінің теориясы мен тәжірибесі» пәнінен дәріс оқу мақсатында шақырылды. Профессор Элла Айше Коксалмен тиімді ынтымақтастықтың арқасында, «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» кафедрасының оқытушылары Нииде Омер Халисдемир университетінде (Түркия) «Мұғалімдердің кәсіби өсуі» тақырыбында сертификатталған курстан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл одан әрі педагогикалық ұжымның зерттеушілік дағдыларын дамытуға және жетілдіруге өз үлесін қосады.

Курстар

Мұғалімдердің кәсіби өсуі
Сәуір 2, 2023 - Сәуір 14, 2023