Жанна Ромуальдовна Сладкевич

PhD

сладкевич

Польша

Гданьск (Польша) университеті

Филология ғылымдарының докторы, Гданьск университетінің профессоры (Польша) Сладкевич Жанна Ромуалдовна. Жанна Ромуальдовна – Гданьск университетінің «Орыстану және шығыстану» институтының директоры қызметін атқарады. «Studia Rossica Gedanensia» ғылыми журналының бас редакторының орынбасары және бірнеше лингвисттер қауымдастығының (Polskiego Towarzystwa Językoznawczego, Polskiego Towarzystwa Rusycystycznego) мүшесі болып табылады. Жанна Сладкевич славян тіл білімі, коммуникациятану, дискурстану, медиалингвистика, прагмалингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, лингводидактика және фразеология салаларында 130-дан астам еңбек жариялаған. Сондай-ақ, «Сөйлеу әсері теориясының саяси фельетоны» (Гданьск 2013) монографиясының авторы. Жанна Сладкевич сонымен қатар 2018-2019 жылдар аралығында, Санкт-Петербург университетінің гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы пәнаралық гранттық жобаларын бағалау сарапшысы болған. Ресей халықтар достығы университетімен (Ресей) және Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен бірлескен (Беларусь), QS Intelligence Unit (QSIU) халықаралық сарапшысы болып табылады. Жанна Сладкевич Ш.Уәлиханов атындағы КУ-не шетелдік профессор ретінде шақырылып, педагогикалық институттың студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамына «Медиалингвистика» пәні бойынша дәрістер оқыды.

Курстар

Медиалингвистика
Сәуір 24, 2023 - Мамыр 18, 2023