Иран Елшісі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне келді

2023 жылғы 19 қазанда Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Хоукар Мырза Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Қадырұлымен кездесу өткізді .

Сындарлы диалог барысында тараптар екі ел арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты. Олар академиялық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге, әсіресе даму мен инновация үшін стратегиялық маңызы бар салаларға қызығушылық танытты.