Ohio State University делегациясы Көкшетау университетіне келді

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне Америка құрама штанынан Ohio State University (OSU) делегациясы келді.

Сапар мақсаты – стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау.Кездесуде стратегиялық сессия өтіп, екі университет өкілдері стратегиялық серіктестік туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Бұл ұсыныстар - агробизнес және қолданбалы экономика, қоршаған ортаны қорғау ғылымы және мейірбике ісі салаларындағы бакалавриат студенттері үшін қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеу, Лимадағы Огайо штатының университетінде Үздіксіз оқу орталығы үшін бірлескен бағдарламаларды құру, бірлескен ғылыми іс-шаралар мен инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жоспарлау.

Сапар барысында АҚШ-тан келген қонақтарға Назарбаев Зияткерлік мектебі бойынша экскурсия өткізілді. Доктор Дональд Поуп Дэвис және ХьюХоллман студенттерге, содан кейін оқытушылар құрамы мен университет студенттеріне қонақ дәрісін ұсынды.

Сондай-ақ, делегация Ualikhanov University-ң ғылыми-зерттеу зертханаларында болып, қазіргі ғылыми жобалармен танысты.Бұл сапар екі тарап үшін тәжірибе мен идеялар алмасуға, болашақ ынтымақтастық үшін жемісті қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік болды.