Назарбаев Университетінің 6 қызметкері қазақстандық жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Ualikhanov University-ге келді

Назарбаев Университетінің 6 қызметкері қазақстандық жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Ualikhanov University-ге келді. Кездесулер цифрландыру бөлімі мен Ualikhanov University қабылдау комиссиясы өкілдерімен өтті. Студенттерді қабылдау жөніндегі аға менеджер Жексенбекова Әсел және НУ студенттерін қабылдау жөніндегі менеджер Мисалимова Ләззат сөз сөйледі. Академиялық жазу бойынша нұсқаушы оқытушылар - студенттермен - болашақ мұғалімдер - Marilyn Plumlee «Academic Writing: Literature Reviews» тақырыбы бойынша, магистранттармен Annick Durand «Motivation Letters» тақырыбы бойынша және Andrew Drybrough "Academic English for Teachers and Students" тақырыбы бойынша оқытушылармен және студенттермен кездесті.Профессор және Мемлекеттік саясат мектебінің академиялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары Рикардо Пелиццо Ualikhanov University оқытушыларымен кездесті. Рикардо Пелиццо екінші рет өз тәжірибесімен бөлісті, бірінші рет - силлабустың дамуы бойынша, бұл жолы білім беру бағдарламалары қалай жасалуда деген тақырып бойынша сөз сөйледі.Кездесулер ағылшын тілінде өтті және 130-дан астам студенттер мен ОПҚ қамтыды. Біз жемісті ынтымақтастыққа қуаныштымыз.