Альмира Апасқан
Bulgaria / Иностранный язык: два иностранных языка (английский, китайский)
Мен Болгарияның Бургас деген Қара теңіздің жанында орналасқан қаласында оқыдым. Бургастағы университет мұғалімдері мен қала тұрғындары өте сыпайы болды. Күн сайын таңертең теңіз жанында орналасқан саябаққа барып, теңіздің толқынын тамашалайтынбыз. Сондай-ақ, Бургастан бөлек, София, Несебр, Пловдив деген сияқты Болгарияның басқа қалаларын көріп, Түркия еліндегі Стамбул қаласында болып саяхаттадық. Осындай мүмкіндік берген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық Қатынастар бөліміндегі қызметкерлерге үлкен алғыс айтамын.