Saifulina Nailya
PhD

Испания
Сантьяго-де-Компостела Университеті
Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) доценті. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде «Болашақтың ғылымы мен технологиялары: Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясындағы сын-қатерлер, трендтер мен перспективалар» тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
В Кокшетауском университете имени Ш. Уалиханова прошла студенческая научно-практическая конференция на тему: «Наука и технологии будущего: вызовы, тренды, перспективы в контексте Целей устойчивого развития (ЦУР)».
Пленарлық отырыс аясында Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) PhD докторы Найля Сайфулина “Bridging academia and innovation: European students in Entrepreneurship and Research” тақырыбында презентация жасап, баяндама оқыды.Өз сөзінде ол студенттердің кәсіпкерлік пен ғылыми зерттеулерге қатысуының еуропалық тәжірибесі туралы айтып, академиялық білім беруді инновациялық қызметпен біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол тыңдаушылармен EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 "Development of innovative curricula and modules in Circular Economy and Sustainable Development" (CirculEC) атты халықаралық жобаны іске асыру нәтижелерімен бөлісті. Бұл жоба циклдік экономика мен тұрақты даму бойынша инновациялық оқу курстарын әзірлеуге бағытталған.Конференцияға қатысумен қатар, Найля Сайфулина «Бизнес және қызмет көрсету» кафедрасының студенттері мен магистранттарына арналған бірқатар дәрістер өткізді. Дәрістердің тақырыбы – «Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыру» болды. Бұл сабақтар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, студенттер үшін өндірістік процестерді басқару саласындағы білімдерін кеңейтуге, қазіргі заманғы тәжірибелерге халықаралық көзқарас алуға және халықаралық тәжірибесі бар маманға сұрақтар қоюға тамаша мүмкіндік болды.