Леонберг Бэз

PhD

без

Соединенные Штаты Америки

Дрексэль университеті (Филадаельфия, АҚШ)

Леонберг Бэз медицина ғылымдарының докторы дәрежесін Дрексел университетінде (Филадаельфия, АҚШ) 2018 және 2022 жылдар аралығында оқыған. Медицина ғылымдарының докторы, Дрексел университетінің (Филадельфия, АҚШ) қауымдастырылған клиникалық профессоры Леонберг Бэз 2018 жылы АҚШ –ң Фулбрайт (Fullbright) бағдарламасының шәкіртақы иегері атанып, Өзбекстан еліне жолдама алады.

Профессор Бэз бес ай бойы Өзбекстандағы медициналық қызметкерлер мен студенттерге педиатриялық тамақтану мәселелері бойынша дәріс сабақтарын өткізді. Қазіргі уақытта Дрексел университетінде (Филадельфия, АҚШ) тамақтану саласы бойынша білім беру бағдарламаларының директоры болып жұмыс істейді. Профессордың «Диетология және Балалар тағамы» саласында бірқатар ғылыми жарияланымдары бар. Ол сондай-ақ «Балалардың тамақтануын бағалау бойынша тамақтану және диетология академиясы» кітабының және «Өмірлік циклдегі тамақтану» кітабының екі тарауының авторы.

Леонберг Бэз «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне» КЕАҚ «Балалар тамақтануы» тақырыбында дәріс оқуға шақырылған маман. Сондай-ақ профессор Бэз 2023 жылдың 21 сәуірінде өткен «Шоқан оқулары-27» жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысында баяндамашы ретінде «Қазақстандағы диетология саласының рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.

Курстар

Балалар тамақтануы
Сәуір 15, 2023 - Сәуір 24, 2023