Айна Аскероглу Арслан
PhD
Турция
Ыстамбұл университеті
Айна Аскероглу Арслан тарих ғылымдарының кандидатының дәрежесі бойынша Ыстамбұл университетінінен білім алған. Қазіргі уақытта Ыстамбұл университетінің, Түркітану ғылыми зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры болып қызмет атқарады. Айна Аскероглу Арслан, Еуразиялық зерттеулерге арналған AVID (Avrasia Incemeleri Dergisi) журналының редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Профессор Айна Аскероглу Арсланның Scopus және WOS деректер базасында бірқатар ғылыми жарияланымдары.Профессордың негізгі ғылыми зерттеулері түркология, дін, тарих және мәдениет мәселелеріне арналған. Айна Аскероглу Арслан Ш.Уәлиханов атындағы КУ-не 2023 жылдың 10 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында «Қазақстан тарихы және Рухани Жаңғыру» кафедрасына шетелдік маман ретінде шақырылды. Айна Аскероглу Арслан «Тарихи зерттеулердің өзекті мәселелері» және «Заманауи ислам және саясат» пәндері бойынша дәрістер курсын оқып шықты. Сонымен қатар, ғылыми апталықтың шеңберінде «Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру» кафедрасының оқытушысы Қ.Канитаеваның ұйымдастырумен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.