Польша және Испания елдерінің ғалымдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жұмысын бастады
Польша және Испания елдерінің ғалымдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жұмысын бастадыИнженерия ғылымдарының докторы Моника Кулиш (Польша, Люблин техникалық университеті) және профессор Игнасио Менендес-Пидаль де Наваскес (Испания, Мадрид техникалық университеті) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады.
Олардың зерттеулері климаттық өзгерістер жағдайында Ақмола облысының орнықты дамуына арналған халықаралық жобаның аясында жүргізілуде.Моника Кулиш экологиялық көлікті енгізу мүмкіндіктерін талдаса, Игнасио Менендес-Пидаль аймақтарды қауіпсіз және орнықты дамыту үшін геоинженерлік шешімдерді ұсынады.
Бағдарламада — университет оқытушыларымен кездесулер, зерттеу топтарымен жұмыс және өңір кәсіпорындарына шығу көзделген.Жоба қорытындылары ғылыми жарияланымдарға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстарға негіз болады.