Португалиядағы Азор аралдары университетінің профессоры Томаш Понсе Дентиньо Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне келді.

Португалиядағы Азор аралдары университетінің профессоры Томаш Понсе Дентиньо Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне келді.

Ол шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында «Климаттық сын-қатерлер жағдайында Ақмола облысының тұрақты дамуы: жаһандық үрдістер мен өңірлік шешімдер» жобасының ғалымдар тобынан алғашқы болып келуде.

.Профессор Дентиньо – тұрақты даму саласындағы зерттеуші. Оның айтуынша, бұл бағыттағы ғалымдар — Жердің дәрігерлері іспеттес.«Біздің міндетіміз – планетаның сауығуына көмектесу», – дейді ол.

Тұрақты даму – университетіміз үшін басым бағыт. Біз әлемнің әр түкпірінен келген ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз.