IELTS халықаралық тестіне дайындалу үшін қарқынды курс

2022 жылдың 22 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында университетімізде халықаралық IELTS тестіне дайындықтың қарқынды курсы өтеді. Курсты Жаңа Зеландиядан келген Марк Дженсен жүргізеді.

Курс бойынша ағылшын тілінің ең төменгі деңгейі Pre Intermediate болып табылады.

Сабақтар әр сейсенбі және бейсенбі күндері 18:30-20:00 аралығында өтеді.

Курс құны 20 000 теңге.

Орындар саны шектеулі. Өтініш беру үшін Google формасын толтырыңыз https://forms.gle/FvznN5d9XJ3X8R5P9