Академиялық ұтқырлық (Литва, Vytautas Magnus University)
Мен, Куанышев Сайран, “Биология” білім беру бағдарламасының, БА-93 тобының 4-курс студентімін. Шоқан Уалиханов университетіне оқуға түскеннен бастап, академиялық ұтқырлық арқылы шетелде бір семестр оқып келу менің алға қойған мақсаттарымның бірі болған еді. Не себепті шетелде бір семестр оқып келу менің мақсаттарымның бірі болды? Себебі:
- Еуропаның оқу жүйесі қалай жұмыс атқаратыны;
- Қандай педагогикалық әдістерді қолданатындары;
- Лабораторияда қандай әдіс-тәсілдерді қолданатындары өте қызық еді.
Иә, бұның бәрін интернет желісі арқылы білуге болатын еді. Бірақ, шын өмірде осынын бәрін көру, бөлек сезім, әрі эмоция. 3-ші курстын екінші семестрінде академиялық ұтқырлыққа құжаттарымды тапсырып, сұхбаттасудан сүрінбей өтіп, Ғылым және Жоғары білім министрлігінен қаржыландыру ұтып алған болатынмын.
Академиялық ұтқырлықтың арқасында, Литва Республикасының Каунас қаласында орналасқан Vytautas Magnus University- інде оқыдым. Бұл университет, Литва Республикасының ең үздік университеттерінің бірі болып табылады. Техникалық жабдықталуы өте жоғары деңгейде. Оқытушылар тобына келетін болсақ, оқытушылар өте жылы шырайлы, өз ғылымдарының шеберлері.
Ш. Уалиханов атындағы университетке бұндай мүмкін бергеніне алғысым шексіз. Осындай мүмкіндіктің арқасында, жаңа білім, жаңа жақсы достар, әрі мақсатым жүзеге асқан болатын. Бұл Академиялық ұтқырлық арқылы, тек қана оқи ғана қоймай, Европаның басқа да елдерінде болып көруге өте жақсы мүмкіндіктердің бірі.
Құрметті студенттер, шетелде оқу - жаңа мүмкіндік, жаңа қадам. Сондықтан, өз білім деңгейімді көтеремін, жаңа мүмкіндіктерге ие болғым келемін десеңіздер, Халықаралық қатынастар бөлімі ұйымдастыратын әрбір іс-шараға атсалыса қатысыңыздар. Өйткені, әрбір іс-шара студенттің жеке тұлғалық дамуына өз септігін тигізеді. Студенттік кезді барынша сапалы өткізу сіздердің қолыңызда!