“Kazakhstan Pre-Service English Teachers Programme”

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ағылшын тілі оқытушылары Шарипова Айжан Сейілханқызы, Шулембаева Қызжібек Меңдібайқызы және Мұхамеджанов Ілияс Төлегенұлы 2022 -2023 оқу жылында “Kazakhstan Preservice- English Teachers” бағдарламасына қатысып, Британдық кеңестің “Kazakhstan Pre-service English Teachers” оқыту курсы бойынша ресми түрде сертификатталған фасилитатор атағына ие болды.

2023 жылдың 6 маусымында оқытушылар Британ Кеңесінің ұйымдастыруымен панельдік пікірталасына қатысты.Оның мақсаты білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқыту сапасын арттырудың жүйелі тәсілін анықтау болатын. Пікірталаста Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының, халықаралық бағдарламалар орталығының, біліктілік орталықтарының өкілдері, Британ Кеңесінің сарапшылары, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың делегациялары ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даму деңгейі, ағылшын тілін оқыту сапасы мәселелерін талқылады, еліміздегі мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға жүйелі көзқарастың жолдарын қарастырды.

Іс-шараға мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге, енгізуге және бағалауға маманданған білім беру сарапшысы Саймон Борг, Британ Кеңесінің Қазақстандағы атқарушы директоры Ангус Бьярнасон және Британ Кеңесінің тренері және сарапшысы Татьяна Слижепчевич модераторлық етті.

Іс-шараның нәтижесінде Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары Шарипова Айжан Сейілханқызы, Шулембаева Қызжібек Меңдібайқызы және Мұхамеджанов Ильяс Төлегенұлы Ш.Уәлиханова атындағы Көкшетау университетінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің білім беру бағдарламаларына ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің дайындық бағдарламасын енгізу жолдарын талқылады. Сонымен қатар Британ кеңесінің өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық жасау мақсатында қарым - қатынас байланысын орнатты.

Сонымен қатар “Жалпы тіл білімі және әдебиеті” кафедрасының оқытушысы Шарипова Айжан Сейлханқызы халықаралық “Kaz TEA” конференциясына Британ кеңесінің фасилитаторы ретінде, “Kazakhstan Pre-service English Teachers Programme” бағдарламасы бойынша өз тәжірибесімен және әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар “Онлайн оқу форматында студенттердің мотивациясын дамыту” тақырыбында баяндама оқыды.