Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау
2022 жылы академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға жіберу үшін құжаттатарды қабылдауы басталды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 15 Сәуір айына дейін
Республикалық бюджет есебінен шетелде оқуға конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалдық куәландырылған түсті көшірме);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) 082 / у нысанындағы медициналық анықтама;
3) білім туралы құжаттар: ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
Шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған Сертификат ( бар болса);
Шетелдік ЖОО-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісімі туралы хат;
Қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) он сегіз жасқа толмаған ата-ананың, қамқоршының жазбаша келісімі (2 айға);
6) студент отбасының көп болуын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
7) оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер) (егер бар болса);
8) студенттің мүгедектігін растайтын құжат;
9) фото 3*4 (3 шт.)
Және де:
• анкета
• студенттің өтініші
• ұсыныс хаты
• жеке оқу жоспары
• грант сертификаты
Өз қаражатынан шетелге оқуға барғысы келетін студенттер үшін құжаттар тізімі бірдей, бірақ тілдік сертификаттар - егер бар болса және қажет болса.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөлімі хабарласуға болады (бас ғимарат, 212 кабинет, тел. 72-11-22)