Advanced Research Methodology Workshop
Бизнес және құқық кафедрасының дәріскері Евлоева Аза Султановна Алматы қаласында өткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан университеттерінің өкілдеріне арналған зерттеулердің озық әдіснамасы бойынша /Advanced Research Methodology Workshop/ екі күндік қарқынды семинарына қатысты. 2023 жылдың 9-10 маусымы аралығында өткен семинар сапалы және сандық зерттеу әдістері, зерттеулерді негіздеу, зерттеу гипотезалары мен мәлімдемелері, деректерді жинау және талдау, сілтемелер, академиялық адалдық, ғылыми журналдарды жазу және жариялау процесінің ерекшеліктері сияқты тақырыптарға арналды.
Семинар АҚШ-тың Kimberly lechasseur /Вустер политехникалық институты/ және Andrew Zimbroff /Небраска-Линкольн университеті сарапшыларының қатысуымен АҚШ-тың Өзбекстандағы Елшілігі қаржыландыратын және /American Councils for International Education/ американдық халықаралық білім беру кеңестері басқаратын Орталық Азия университеттерінің /UniCEN/ серіктестік бағдарламасының қолдауымен өтті.