Біздің көрінісіміз бен стратегиямыз

ЖОО-ды интернационалдандыру университеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші ретінде қарастырылады, ал интернационализация көрсеткіштері, атап айтқанда, оның қызметінің тиімділігін анықтайды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің


интернационалдандыру стратегиясы ЖОО-ның халықаралық аренадағы беделі мен танымалдығын арттыруға бағытталған. Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының серіктестері ретінде анықтау, шетелдік ғалымдарды ЖОО-ға оқытушылық және басқарушылық қызметке шақыру, екі дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту және т.б. – осының барлығы Университеттегі білім мен ғылымның сапасын арттыруға ықпал ететін болады.



Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Стратегиясында университетті интернационалдандырудың миссиясы, мақсаты және негізгі бағыттары көрсетіледі. Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оларды іске асыру жөніндегі шаралар және 2025 жылға қарай күтілетін нәтижелер айқындалды.





Миссия

Ұлттық/b> және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары білікті, оның ішінде көптілді кадрларды даярлау жөніндегі орталыққа айналу




Мақсаттар





2025 жылға дейін университетті интернационалдандырудың негізгі бағыттары

Ш. Уәлиханов атындағы КУ халықаралық білім беру нарығында позициялауы

  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдіктерімен байланыс орнату және кездесулер ұйымдастыру;
  • Халықаралық білім беру көрмелерінде Университет брендін ілгерілету үшін жеке ұйымдарды ынтымақтастыққа тарту;
  • Серіктес жоғары оқу орындарының ресми сайттарында, білім беру орталықтарының порталдарында "Brandbook" орналастыру;
  • Шетелде тұратын және шетелдік білім беру мен ғылыми ұйымдарда үлестес отандас ғалымдарды тарту;
  • ЖОО-ның танымалдығын арттыру мақсатында Университеттің үздік ғалымдарын халықаралық білім беру нарығында ілгерілету.

  1. Университеттің халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікте танылуын арттыру.
  2. Ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен, жетекші халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыстар орнату.
  3. Жоғары оқу орындары арасындағы білім беру жобалары мен ғылыми зерттеулерді іске асыру.

Білім беру мен зерттеу мазмұнын сапалы интернационалдандыру

  • Жаһандық еңбек нарығында талап етілетін білім беру бағдарламаларын ағылшын тілінде жүзеге асыру;
  • Білім беру бағдарламаларына жаһандық азаматтылық, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік жауапкершілік, әлем мәдениетінің құндылығы аспектілерін енгізу;
  • Қазақстандық жас ғалымдарды – халықаралық бағдарламалар түлектерін оқыту мен зерттеулер жүргізуге тарту;
  • Ғылыми басылымдарды шетелдік авторлармен бірлесіп жариялау;
  • Екі дипломдық білім беру бағдарламасын халықаралық аккредиттеу;
  • Оқытушылар мен зерттеушілердің Horizon Europe гранттық бағдарламаларына қатысуы;
  • Ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелдік докторанттар мен постдокторанттарды шақыру;
  • Отандас ғалымдарды тарту
  • Erasmus + бағдарламасына магистранттар мен докторанттардың қатысуы.

  1. Білім беру бағдарламаларының ұтқырлығы. Кредиттерді қайта есептеу.
  2. Университет оқытушыларын жұмыстан қол үзбей дамыту, оқыту сапасын жақсарту, кәсіби тәжірибемен алмасу.
  3. Университет оқытушылары мен зерттеушілерінің шетелдік серіктестермен ынтымақтастығын кеңейту.
  4. Оқытудың барлық деңгейлерінде білім алушыларды даярлау сапасын арттыру.

Имидждік маркетинг

  • Шетелдік студенттер мен оқытушылар үшін жазғы тілдік мектептер ұйымдастыру;
  • Халықаралық білім көрмелеріне қатысу;
  • Университеттің ресми сайтының ағылшын тілінде жұмыс істеуі;
  • Шетелдік серіктестер сайттарында университеттің Brandbook орналастыру;
  • Мамандандырылған интернет-порталдарда білім беру бағдарламаларын орналастыру;
  • Халықаралық экономикалық форумдарда презентациялар арқылы брендті жылжыту.

  1. Ақпараттық-имидждік жұмысты күшейту.
  2. Шетелдік серіктестер санының артуы.
  3. Қолданыстағы шарттардың санын ұлғайту.
  4. Ұтқырлық бағдарламаларына қатысушы білім алушылардың, оқытушылар мен зерттеушілердің санын арттыру.

Оқу мен зерттеудің қолайлы ортасы

  • Шетелдік студенттер үшін International club құру;
  • Шетелдік студенттер үшін тілдік курстар ұйымдастыру;
  • Шетелдік білім алушылардың тәлімгерлері ретінде Университет студенттерін бекіту жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Ақмола облысының тарихи орындары бойынша шетелдік студенттер мен оқытушыларға туристік сапарлар ұйымдастыру;
  • Әкімшілік персонал мен оқытушы-профессорлар құрамының шетелдік білім алушылармен кездесулерін ұйымдастыру. Сауалнама жүргізу.

  1. Оқыту үшін тартымды және қолайлы инфрақұрылым құру.
  2. Шетелдік білім алушыларды тарту көрсеткішін арттыру.