«Қазақстаннның болашағы- қазақ тілінде»
«Қазақстаннның болашағы- қазақ тілінде»
Қазіргі таңда қазақ тіліне деген сұраныс пен қызығушылық арта түсуде. Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейгендіктен қазақ тілін меңгеру қазіргі Қазақстан қоғамының талабына айналып отыр. Сонымен қатар қазіргі таңда қазақ тілі білімі әр түрлі қоғамдық ұйымдарда сұранысқа ие, әрі тілді меңгеру қабілеті орасан зор артықшылық десе де болады. Кез келген тілдік ортаның күшеюі мен нығаюы оның қоғам ішінде белсенді түрде қолданылуымен негізделеді.
Биылғы жылы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында 50 жуық оқытушылар мен әр түрлі саладағы мамандар, қазақ тілінен өз білімдерін байқап қазақ тілінен сынақ тапсырды. Сынааққа қатысушылар қазақ тілінің әр түрлі деңгейлері бойынша жазылым, оқылым, тыңдап түсіну, лексика грамматика және айтылым бөлімдері бойынша өз дағдыларын сынады.
Көкшетау қаласында қазақ тілінен тестілеу сынағын ұйымдастыруға атсалысқан Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталағының мамандары мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық ынтымақтастық бөліміне алғыс білдіреміз!